Отандық банктер несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені өсірді

2
44

«ЦентрКредит» банкінде ипотека пайыздық мөлшерлемесі 23%-ға дейін өсті. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлайды.Отандық банктер несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені өсірді

«Бізде ипотека 10 жылға беріледі. Теңгемен, жылдық 23% пайызбен беріледі. Ақпаннан бастап мөлшерлемені көтердік, оған дейін 17,5% болған», – деп хабарлады банктің call-орталығынан жұма күні.

Сондай-ақ банктен тұтыну тауарларына берілетін несиелердің де пайыздық мөлшерлемелерінің көтерілетінін растады.

Қазкоммерцбанктен хабарлағандай, теңгемен берілетін ипотека былтырғы жылдың соңында тоқтатылған болатын.

«(Доллармен – ҚазТАГ) ипотека бізде тек қала маңында ғана беріледі, ал сыйақысы алғашқы жарнаға байланысты, алғашқы ең төменгі жарна – бағалау құнының 10%», – деді банктің call-орталығынан жұма күні.

Одан басқа, банкте кепілсіз бір жылға берілетін несиелердің мөлшерлемесі 16,5%-дан 17%-ға өсті.

«Кепілді несиелер тек доллармен ғана беріледі, 15% (жылдық мөлшерлемесі ҚазТАГ)», – деді Қазкоммерцбанктен.

Өз кезегінде Альянс банкте тұтыну тауарларына кепілсіз берілетін несиелердің мөлшерлемелері бұрынғы деңгейде – 10,99% мөлшерінде қалды.

«Банктердің бірігіп жатуы себепті (Forte, Темір және Альянс – ҚазТАГ) кепілді несиелер берілмейді», – деді Альянс банктің call-орталығынан.

Сондай-ақ Нұрбанкте де кепілденген және кепілсіз несиелердің мөлшерлемесі көтерілді.

«Кепілсіздікі 18%-ден 25%-ке, бұрын 16%-дан 22%-ға болған. Кепілденгені 13% болса, (қазір – КазТАГ) – 16%», – деді Нұрбанктен.

Биылғы қаңтар айынан бастап Альянс банк пен Нұрбанкте ипотека беру тоқтатылды.

Источник: КазТАГ

2 ПІКІРЛЕР

  1. кеше ғана осы саиттан, банкке берешегі бар жас отбасының, несиесін төлей алмай, балаларын жетімдер үйіне өткізіп жатқанын оқып едім, бұлар үсті үстіне көтеріп жатыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз