
Бала күтушіге тағылған айып қатайтылды Шымкентте бала күтушіге тағылған айып қатайтылды деп хабарлайды 7 арна.Қазір күдіктіге «қасақана дене жарақатын салу арқылы абайсызда кісі өлтірді» деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Абай аудандық прокуратурасы мәлім етті.
Құзырлылардың айтуынша, бұған ауруханаға ауыр соққыдан түскен 4 жасар қыздың ес-түсін жинай алмай жан сақтау бөлімінде жан тәсілім етуі себеп. Қазір қосымша тергеу жүргізу үшін күдікті кепілді түрде қол хатпен жүр екен.
«Күдіктінің үш баласы бар. Үлкені 2008 жылғы, кішісі 2014 жылғы. Сол себепті емшектегі баласы болғаннан кепілдік қаулы қолданылып, ол кісі үйінде бала күту шарасымен үйінде отыр», — дейді Абай аудандық прокурорының орынбасары Ермек Айтимов.
Жансақтау бөлімінде жантәсілім еткен бүлдіршін бірден сот медициналық сараптама орталығының облыстық филиалына жеткізілген. Мұндағы мамандар өлім қорытындысын жасап шығарыпты. Нәрестенің ауыр соққыдан көз жұмғанын олар да растап отыр.
«Біз кеше мәйітке зерттеу жүргіздік. Оның жабық бас ми жарақаты мен миға қан кетуі диагнозынан қайтыс болғанын анықтадық. Бұдан соң бірден бүлдіршіннің денесін анасы мен апасына тапсырдық», — деді ӘМ Сот медициналық сараптама орталығының бөлім меңгерушісі Қайрат Құлмаханов.
Еске сала кетейік, 9-шы ақпанда бала күтуші екі бүлдіршінді өлімші етіп сабағанын айтқан болатынбыз. Анасынан аманат етіп алған сәбилерге 33 жастағы келіншек қорлық көрсеткен дейді құзырлылар.
Әлімжеттік әрекеттен қорғансыз қос бүлдіршін жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққанын деп отыр прокуратура өкілдері. Айта кету керек, бұл жыл басынан бері сәбилердің ересектерден қорлық көріп, соққыға жығылған осымен екінші оқиға болып отыр.
По сообщению сайта Nur.kz