Балаларға мамандық таңдауға көмек беретін сынып ашылды

0
451
1.4Қарағандыдағы №101 орта мектепте балаларға болашақ мамандығын таңдауға көмек беретін арнайы сынып ашылды. Мұнда оқушылар кәсіби мамандардан жан-жақты кеңес алады. Өкінішке қарай, ата-анасының айтқанымен көңілі қаламайтын оқуға түсіп, кейін оны тастап кететін жағдайлар қазір жиі кездеседі. Игі бастама осы олқылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Оқушы келешекте қай мамандықты қалайтынын өзі шешуі тиіс. Ал арнайы сыныпта оған тек бағыт-бағдар мен қажетті ақпараттар беріледі. Мәселен, мамандықтың ерекшелігі, жалақы көлемі қаншалықты сұранысқа ие екендігі жайлы толыққанды мағлұмат ала алады. Мұғалімдердің айтуынша, сыныпқа келетін оқушылардың 90%-ы техникалық мамандықтарды қалайды екен. Оқу жылының соңына дейін мұндай сыныптар облыстағы әрбір оныншы мектепте ашылмақ. Сымбат Ілияшова, психолог-ұстаз: – Ақпараттық-ағартушылық бағыт бойынша жұмыс жасағанда, біз нақты белгілі бір мамандық көрінісін бала бойында қалыптастыруға жағдай жасаймыз. Ал енді диагностика бойынша біз екі түрлі бағытта жұмыс істейміз. Балалардың тұлғалық қалыптасуының қаншалықты деңгейде екенін анықтауға және балалардың қандай кәсіпке бейім екенін, кәсіби бағдарын анықтауға көмектесеміз.

Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/bili/item/50076-ashyldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз