
Түркия полициясы лаңкестік оқиғаның алдын алды Кеше түнде Түркияның Шанлыурфа қаласының Вираншехир ауданында жүргізілген арнайы операция барысында полиция көп мөлшерде қолдан жасалынған жарылғыш заттар мен жанғыш қоспасы бар шөлмектерді тәркіледі. Бұл оқиғаға қатысты Күрдістанның жұмысшы партиясымен байланысы бар 4 адам ұсталып, жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тергеу барысында олар партияның құрушысы және рухани көсемі Абдулла Оджаланның 1999 жылы 15 ақпанда өмір бойы бас бостандығынан айырылған күніне орай мемлекеттік мекемелерге лаңкестік шабуыл жасамақ болғандығын мойындады. Қазір құқық қорғау органдары бұл іске тағы кімдердің қатысы бар екендігін анықтауда.Источник:
http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/50075-yn-aldy