Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынды

13
96

Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

 14.02.2015

Ақпанның 14-і күні Астанада өткен Қазақстан халқы ассамблеясының кеңесінде осы ұйым төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынған. Бұл туралы қазақстандық Vласть интернет-басылымы хабарлады.

Басылымға сұхбатында Анатолий Башмаков 2016 жылы ел президенті сайлауы мен парламенттің төменгі палатасы – мәжіліс сайлауын қатар өткізу «заң жүзінде, белгілі бір жағдайда, қисынсыздау» болатынын айтқан. Сонымен бірге ол 2016 жылы әлемдік қаржы экономикалық дағдарыс шырқау шегіне жетеді деген сарапшылар болжамын келтіріп, «ел басшылығы барлық назарын Қазақстан қоғамында, экономикада дағдарысқа жол бермеуге бұруы тиіс» екендігін алға тартқан.

Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков елде мерзімінен бұрын президент сайлауын биыл жақын уақытта өткізуді ұсынады.

Қазақстанды 1989 жылдан бері басқарып отырған президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы болып табылады. Елде кезекті президент сайлауы 2016 жылы өтуі тиіс. Қазақстан Конституциясы бойынша Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлауға түсуіне шектеу қойылмаған.

azattyq.org

13 ПІКІРЛЕР

  1. Атқарылуға тиісті істер жеткілікті, алдағы жоспарлардан халық хабардар, тек осы жолда талмауымыз керек.

  2. Ұлттық өнімдеріміз сөрелерден орын алып бір қуантып тастады, осындай істерге уақытымызды арнап, келелі істер атқарайық.

  3. Қазыргі уақытта әлемде түрлі түрлі соғыс қақтығыстар болып жатқанда,біздің елімізде осындай өзгерістер енгізіп еліміздің тыныштығын және экономикамызды күшейтіп Елбасымыздын басшылықта қалғанын қалаймым.

  4. Негізі қазір тездетіп президент сайлауын өткізу қажет. Содан кейін кризиске қарсы барлығымыз жұмылып жұмыс істеуміз қажет!

  5. Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы биік белестерді бағындырып, дағдарысты еңсереріміз анық. Қазір әлем дағдарысты бастан кешіп отыр. Соның барын ойлай келе Елбасыдай әділ де турашыл басшы керек. Сол кісіні бір ауыздан мақұлдағанды жөн көремін өз басым.

  6. Ебасынын кезекти сайлауына албеттте ел болып бирлесип катысамыз дауысмызды беруге аркашанда дайынбыз.

  7. Алдымыздагы уакытта экономикалык куйзелиске ушарайтындай киын саттер кутип турса, арине биз биринши кезекте экономикалык саяси тургыдан тажирибиеи мол тек Н.Назарбаевка гана сене аламыз, те сол кис гана дурыс багытта жумыс жасай алады.

  8. экономикалык кризистин алдын алуымыз кажет, сол себептен барлык багытта дайын болганымыз абзал, президенттик сайлаудын оз уакытысынан ертен болуынын себеби де осында, тек дурыс тусингенимиз абзал.

  9. Президенттик сайлау жагдайга байланысты ен басты шешуши кезенди кажет етип тур, азирше дагарыстын елимизди толыгымен камтымай турганда, осы шешим дурыс болмак.

  10. Алдынгы катарлы экономикасы дамыган елдердин катарынана калмай, аукымы кен улкен мемелекетке айналып, коптеген елдермен серкитестигимиз унеми жарасып, ынтымактастыгымызды узбейк, ол ушин биринши кезекте елбасын колдауымыз кажет.

  11. Мемлекетимизде экономикамыздын каркынды дамуына болашакка рет ретимен ар салага жоба-жоспарлар курылып,бекитилип койган, тек соны биригип иске асыруга кажет, бирлик бар жерде тирлик бар деп бекер айтпаган гой.

  12. Президент сайлауын 2015 жылы өткізу жоспары еліміздің экономикалық жағдайына байланысты. Егер әлем 2016 жылы дағдарыс күтетін болса, онда 2015 жылы алдын ала өткізу дұрыс шешім.

  13. Досрочные президентские выборы тоже являются антикризисной мерой. Окончание президентского срока порождает слухи, неопределенность в обществе, возможно, даже провоцирует усиление центробежных тенденций. Выборы президента – это, прежде всего, определенность, четкое осознание того, что нужно стране в данный момент.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз