
Қытайдың Шанхай қаласында денсаулық және отбасылық жоспарлау комитетінің басшысы болған Хуан Фэнпин қызмет бабын асыра пайдаланып, жемқорлыққа жол бергені үшін 19 жылға абақтыға жабылатын болды. Ол өткен жылы Қытайдың Халықтық консультативтік кеңес құрамынан партия тәртібін өрескел бұзғаны үшін шығарылған болатын. «Хуан Фэнпин мемлекет меншігіндегі 70 мың юань қаржыны қызмет бабын асыра пайдаланып және 3,1 млн юань пара алғаны үшін айыптталып отыр», – деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.Источник:
http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/50108-bostandy-ynan-ajyryldy