
Бішкекте көліктің есігін пульт-сканердің көмегімен ашып, тонап кетіп жүрген ұрылар ұсталды. Олардың бірі – Қазақстан, екеуі – Қырғызстан азаматы.Бұл туралы ІІМ Бішкек бойынша басқармасының қызметкерлері BNews.kz тілшісіне хабарлады.
Тергеу мәліметі бойынша, милицияға белгісіз біреулер заманауи технологияларды қолдана отырып, автокөліктен тұрғындардың жеке заттарын ұрлап жүргені туралы ақпарат түседі.
Құқық қорғаушылар қылмыскерлердің ізіне түсіп, қылмысты дер кезінде ашқан.
Топты құрған 42 жастағы Қазақстан азаматы болып шыққан. Оған Талас облысының екі тұрғыны көмектесіпті.
Қазіргі таңда зардап шеккен алты адам көмек сұрап жүгінген, бірақ олардың саны одан да көп болуы мүмкін.
По сообщению сайта Nur.kz