Түрлі қоспалар мен бояғыш заттар қосылған қазақстандық шараптар Карапетянның ашуын келтірді

2
72
Түрлі қоспалар мен бояғыш заттар қосылған қазақстандық шараптар Карапетянның ашуын келтірді
Қазақстандық шарап өндірушілер қиын жағдайда. Бұл туралы кәсіпкер, «СП Winnac Elite» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Артуш Карапетян Алматы арнасы «Іскерлер уақыты» бағдарламасында мәлімдеді.Оның айтуынша, елімізде алкогольді ішімдікті жарнамалау туралы әлі де сұрақтар туындайды.«Бүгінде бес-жеті мың гектар жерден әрең дегенде өнім алады, оған сұраныста аз. Жарнамаға тыйым салынды, шарап адам денсаулығына зиян деп айтады. Бірақ медицинаның өзінде дәлелденген, шараптың адам денсаулығына зияны жоқ. Сондай-ақ, Ресейде алкогольге жарнама жасауға рұқсат берілген. Ал бізде тыйым салынған. Бұл ішімдікпен күресудің әдісі емес! Егерде шарап жарнамасы туралы мәселе көтерер болсақ, оны депутаттармен жасау керек», — деді Артуш Карапетян.

Төраға мысал ретінде, Францияға шараптарды көптеген арақ қайнататын зауыттардан әкелінетінін атап өтті. Сонымен қатар, әлемдік нарықтың 30%-ын шарап жасайтын заттар құрайтынын да жеткізді.

Карапетян еліміздегі алкоголь нарығындағы кейбір ойыншылардың іс-әрекеттеріне ыза екенінде хабарлады.

Соңғы жылдары жүзім өндірушілер толтырғыштар мен бояғыш заттар қосылған өнімдерді беруде. Шарап өндірушілер оларды қолданып және тауарды жыл сайын «таңбалап» шығара алады екен.

«Олармен бәсекелесудің қажеті қанша? Табиғи шарап кем дегенде үш жыл көлемінде еменнен жасалған бөшкелерде тұруы қажет. Бұл жерде бір жыл табыс таппайсын, себебі табиғи шарап ұзақ мерзімде сақталып тұруы қажет», — дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, Қазақстанда жақсы өнімдер бар, бірақ бұл өнімдерді тек ішкі нарыққа ғана емес өзгеде нарыққа шығару керек.

«Ресей бізді «басып тастады», ал біз болсақ, бір бөтелке де жібере алмаймыз. Біз Новосибирскпен жақсы байланыстамыз, бірақ біздің марканы ол жақта сатуға болмайды. Енді наурыз айында өзіміздің тауарларымызды жеткізуге рұқсат беріледі деседі. Бізге кім жеткізбейді десеңізші! Осындай жағдайлар орын алып жатқанда нарық қандай болуы тиіс. Қазір Ресей суға қарағанда арзан жеткізуде. Бұл фантастика! Бұндай бағамен сату мүмкін емес. Осындай бағаға сатылатын қандай сыра екендігін анықтау керек. Ол жерде сапаны тексеру қажет. Осындай өнімдерді неге өткіземіз», — деді Карапетян.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз