Лоторея «ойнатқыш» министрге – ойын, адамдарға – өмір қымбат!?.

0
518

«Айтылмаса сөз жетім»

 5

Алматыда Ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында Әнұран шырқалып тұрған кезде жеңіс тұғырында тебіренген толағай Илья Ильинге зыр жүгіріп барып, ұялы телефонын тықпыштай берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жақында журналистер алдында ақталды. Мәдениет министрі  «мәдениетсіз» әрекеті үшін  не дейді?

– Илья Ильин әлем бiрiншiлiгiнде жеңген кезде бiз өте қатты қуандық. Сондай сәттерде әрбiр адам қатты толғаныста болады. Жарыс басталған кезде бiз Ильяға егер ол жеңiске жетсе, оны Мемлекет басшысы жеке құттықтайтынын айттық. Илья жеңiстен соң, бiрден Президентпен қосуын өтiндi, – дейдi Арекең.

Сонда еліміздің мақтан тұтар зілтеміршісі министрге дәл Гимн шырқалып тұрған сәтте телефонмен сөйлестіріңіз деді ме? Жоқ, олай талап қоймаған болар.  Әрі Ильяның салтанатты рәсімнен кейін Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа телефон арқылы тікелей эфирде: «Президент мырза, Сіздің тапсырмаңызды орындадым!» – дегенін барша халық естіді емес пе?!

Рас, толағай төртінші мәрте әлем чемпионы атанғанда кеудесін мақтаныш кернеді. Елдің де қуанышы қойнына сыймай, Әнұранды Ильямен бірге шырқады. Алайда сондай әсерлі көріністі кез-келген жағдайда ұстамды болуы тиіс жоғары лауазымды мемлекеттік қызметші бұзғаны бәрімізді таңқалдырды. «Тап-тамаша ән еді пұшық келіп бүлдірді» деген осы. Әрбірден соң, өз эмоциясын ұстай алмай, заңды белден басып, мемлекеттің мерейін түсіріп, абдырап жүретіндер елдің тағдырына жауапты орында отыруына болады ма? Бұл туралы «Министр неге жауапқа тартылмайды» (мына жерде http://www.abai.kz/post/view?id=2472) мақала да жазылды. Міне, тағы да «Айтылмаса сөз жетім» деген ұстанымнан аса алмадық.

Жақында Арыстанбек Мұхамедиұлы құмар ойыншылардың құлашын кеңге жайғысы келетінін Парламент мінберінде айтты. Мәлімдеуінше, «Лоторея және лоторея қызметі туралы» заң жобасы бойынша елімізде лотерея терминалдарына тыйым салынбайды. Керісінше, мәдениет және спорт министрі жұрттың қалтасын қаққан жүйені дамытуды көздеуде. Дәлірек айтсақ, ол ұтыс ойнататын электронды терминалдарды заңдастыру керек деп отыр. БАҚ өкілдеріне қарта ойнай алмайтынын айтып мақтанған министр «жастар мен зейнеткерлер құмар ойындарды жақсы көреді және ермек етеді» дейді. Олар ұтылса ұтылсын, қынжылатын дәнеңе де жоқ, сөйтіп, мемлекеттің қазынасын солардың қалтасын қағу арқылы lotoreia 2 қампайтамыз деген пікір айтты. Демек, министр таразыда мыңдаған жастардың тағдыры тұрғанын біледі деген сөз. Білсе де, қасақана қауіпті қадамға неге барып отыр?..

Әлқисса. Бірнеше жыл бұрын Елбасының тапсырмасына орай, барлық ойынханалар белгілі аймақтарға, яғни, Қапшағай, Щучинск қалаларына көшірілген болатын. Түпкі мақсат – жастардың санасын азарт ойындармен уламау еді. Ал «жасотандық» жастар да Елбасының саясатын қолдап, қалалардағы казинолар мен электронды лоторея терминалдарының жұмыстарына қарсы шығып, сан мәрте «Құмар ойындарға жол жоқ!» деген акциялар өткізіп, атсалысып келеді. Содан бері ел құлағы біршама тыныштанған сияқты еді. Бірақ, спорт министрі Елбасының сол тапсырмасына, елдікті ойлаған түпкі мақсатына «піштумен» қарап тұр. Мұны Елбасының ұлттық қасіретке душар етер дерттің алдын алу үшін жасаған   lotoreia 4 жарлығына деген халықтың сенімін сетінетуге себеп іздеуінен туындаған кесірлі ұсыныс десек артық айтқандық емес. Оның үстіне, заңдылық тұрғыдан және бағдарламалық тұрғыдан орындалуы, әрі техникалық реттелуі күмәнді екенін бірқатар депутаттар шырылдап айтуда. Бірақ Арекең құлақ асар емес. Сонда ол қандай кесірлі күштің мүддесін көксеп отыр? Егер Елбасының сарабдал саясатын іске асыратын болса, басқаша әрекет қылар еді ғой. Қазақтың біртуар қайраткер ұлы Әлихан Бөкейханов «Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздер болар» дейді, ал Арекең «бармағын сорып» қалып жатқан бақыр басты желіккендерді еліктіріп, байлық іздейді.
Мұнысымен қоймай, министр түрлі қатерлі проблемаларға жол ашып беріп отыр. Атап айтсақ, қаупі жағынан құмар ойындарға тәуелділік нашаға немесе маскүнемдікке деген тәуелділіктен еш қалыспайды. Тіпті, мұның артында жастардың өз-өзіне қол жұмсауға, жақынының қарызын төлеу үшін отбасының, ата-ананың дүние-мүлкін сатуға, кейбір жағдайда қылмыстық жолға түсуге әкелетін үлкен қауіп тұрғанын Мәдениет және спорт министрі білмей ме? Әлде спорт lotoreiaминистрі қазіргі таңда жастар спортпен айналысқаннан гөрі, өздерінің алтын уақыттарын осындай орындарда өткізгенін қалайды ма? Бұдан бөлек, жастардың, балалардың психологиясына, рухани дамуына, сапалы білім алуына кері әсерін тигізетініне сан дәлел де, факті де бар. Қазіргі таңда Қазақстан жасөспірімдер суициді жөнінен үшінші орында тұр. Жоғары суицид қауіп-қатері – құмар ойынның сиқырына арбалып, яғни лудоманияға шалдыққан науқастардың 13-40%-ы өзіне-өзі қол жұмсайды, 32-70%-да суицид жайлы ой келеді. Министрге осы ма керегі? Иә, тышқанға өмір қымбат, ал мысыққа ойын керек деген осы.

Сөз соңында айтарымыз, Мемлекет Басшысының болашақ үшін жасаған бастамаларын дамытып әкетудің орнына «тұншықтыруға» құмар министрдің әрекеттеріне қазірден тосқауыл қоя білмесек, ертең ел сеніміне селкеу түсірері анық.

Сейілхан ӘЛНАЗАРОВ

Gu-gu.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз