Бауыржан Ретбаев «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы атанды

2
67

«Қазақстан» ұлттық арнасынан жарты жылдан астам уақыттан бері көрсетіліп келе жатқан «Қазақстан дауысы»тележобасы бүгін аяқталды.

Бауыржан Ретбаев
Бауыржан Ретбаев

Жобаның ақтық сынында тәлімгерлерінің қолдауына ие болып, көрермендердің ең көп дауысын жинаған 4 үміткер бақ сынады.

Олар: Бауыржан Ретбаев, Данияр Исмаилов, Индира Еділбаева және Мақсат Мақұлбеков.

Финалдық бәсекенің алғашқы айналымында Индира Еділбаева Роза Рымбаевамен қосылып ән шырқаса, Данияр Исмаилов «Қазақстан дауысы» жобасының өткен маусымдағы жеңімпазы Шаһаризат Сейдахметпен бірге «Ағажан» әнін айтты.

Алмастың шәкірті Бауыржан Ретбаев халықаралық «Түрквижн-2014» байқауының жеңімпазы Жанар Дұғаловамен «Сен емес» әнін орындады.

Ал Медеу Арынбаевтың шәкірті Мақсат Мақұлбеков опера жұлдызы Сүндет Байғожинмен бірге «Жан ана» деп аталатын әнді шырқады.

Төрт үздіктің арасынан суырылып шыққан маңғыстаулық Бауыржан Ретбаев жобаның бас жүлдесі 5 млн теңгеге ие болды.

Источник: ИА «Казинформ»

2 ПІКІРЛЕР

  1. шәкіртін халықтың қолдамайтынын білген Медеу, солай деп айтуға мәжбұр болған сяқты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз