Маңғыстау облысында екі еркек бір әйелді таяқтың астына алып, зорлап кеткен деп хабарлайды құқық қорғау орындарындағы сенімді дереккөз.
Оқиға 12 ақпан күні Бейнеу ауылында болған. Түнгі сағат 2 жарымда 34 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне келген екі ер адам қатты шөлдеп тұрғанын айтып, су сұраған.
Шөлін қандырған екеуі сәлден соң әйелдің үйіне қайта оралған. Себебі, үйде ешқандай ер адамның жоқтығын байқап қалады. Есікті ашқан әйелді екеуі сүйреп шығарып, ұрып соққан. Кейін арам ойларын жүзеге асырған.
Жәбірленуші полицияға арыз түсіріп, бұл күндері іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.