Қытай Қазақстанмен визасыз режим орнатуға мүдделі болып отыр

2
41
Қытай Қазақстанмен визасыз режим орнатуға мүдделі болып отыр
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі он мемлекетпен визасыз режимді жүзеге асыруға ниетті. Дегенмен, осындай саясатқа мүдделі тараптар саны көп болып отыр.
Бүгін үкімет сағатында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов осылай мәлімдеді.

«Біз визасыз режим бойынша 10 мемлекетке дейін пилотты жобаны жүзеге асырмақпыз. Қазір мұны кеңейтуге бола ма, болмай ма соны талқылап жатырмыз. Ал 10 мемлекеттің құрамында АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Жапония мен Оңтүстік Корея секілді елдер бар», — деді Ыдырысов.

Министрдің сөзіне қарағанда, көптеген елдер Қазақстанмен арада визасыз қарым-қатынас орнатуға барынша қызығушылық танытқан. Тіпті, бұл әңгіме барысында елдердің ұзын-сонар кезегі де қалыптасып қалған көрінеді.

Ал солардың арасында ең бірінші кезекте Қытай Қазақстанмен визасыз режимге мейілінше мүдделі екенін танытқан.

«Қытай «біз Қазақстанда ең үлкен инвестормыз, бізге визасыз режим орнатыңыздар» дегенді алға тартады. Әлбетте, бұған біздің барғымыз келмейді, оны түсіндіріп жатудың қажеті де жоқ шығар. Дегенмен, Қытай халқының 2 миллардқа жуық екенін де еске салайық», — дейді Ерлан Ыдырысов.

Сонымен қатар, сыртқы саясат ведомствосының басшысы келешекте виза беру режимі электронды түрге алмастырылуы мүмкін екенін жеткізді.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. келісуге болмайды. заманақыр болғанда қара қытай қаптайды дегенді ұмытпайық.

  2. менің естуімде, қытай мемлекетінде қазақстынды таныстырған кітап таза қытай ұлты ғана тұрған жерге таратылған нұсқасында, қазақстан жері кенге бай, жан саны аз, еңбек күш жетіспейтін, иен жатқан дала деп жазылған дейді. олар өз халқының ішінде үгітті пісіп-жетілдіріп алған болса, енді қалғаны осы қадам деп ойлаймын. бұған Қазақстан азаматы ретінде мен қарсымен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз