Президенттік сайлау ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерге сай келеді

5
65

“Ақ жол” партиясы: 

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастама жөніндегі

МӘЛІМДЕМЕСІ

       Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы 2015 жылы мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу идеясына қатысты өзінің ұстанымын білдіруді маңызды деп санайды. Мұндай бастамамен 14 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шыққаны белгілі.

Аталған мәселе бүгін партияның Орталық кеңесі Президиумында талқыланды. Бұл идеяның қазірдің өзінде қоғамда оң пікірлер туғызып жатқанын айтқанымыз жөн.

Бұған байланысты, «Ақ жол» партиясының мүшелері мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы ұсынысты қолдайтынын мәлімдеуді қажет деп санаймыз.

Біз бұл ел тағдырындағы шешуші  қадамды ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерге сай келеді деп санаймыз.

Әлемдік тұрақсыздық, жаhандық экономикалық дағдарыстың қысымы жағдайларында Қазақстанда Президент ұсынған «Нұрлы жол» дағдарысқа қарсы саясатын іске асыруға күш-жігерді жұмылдырудың маңызы зор.

Мәселенің құқықтық жағын да атап өту керек, өйткені бұл шара конституциялық өткізу мерзімдері 2016 жылға қатар келіп тұрған президенттік және парламенттік сайлауларды екі бөлек өткізуге мүмкіндік береді.

Егер оң шешім қабылданып жатса, мерзімінен бұрын президент сайлауы біздің елімізді дамытуда жағымды рөл атқаратынына сенімдіміз.

Ол сыртқы экономикалық дағдарыстың жағымсыз әсерін табысты еңсеруде және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолын жалғастыруда шешуші шартқа айналатын болады.

           Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы

 Орталық кеңесі Президиумы

16 ақпан 2015 жыл

Qazaquni.kz

5 ПІКІРЛЕР

  1. Перуашев сайлауды қолдамай қайда барады?!
    Мәселе Ақ жол кандидат ұсына алар ма екен? Партия сапынан лайықты ешкімді көір тұрғам жоқ. парламентте депутаттары белсенді бірақ.

  2. Демакратиялық партиялардың сайлауға белсенді қатысуға ниет білдіріп отырғанадарын аңғаруға болды, дегенмен демакратиялы мемлекеттіміз конституция бойынша негізгі белгілер бойынша кез келген азамат қатыса алады, сайлау әділ өтетініне сенімдімін.

  3. Мен Елбасымыздын әліде күш қуаты және еліміздің политикасын қолдап оны биіктерге көтереді сегенге сенімдімім,және мен Елбасымызды қолдаймым.

  4. Дағдарысқа қарсы алдын алу шаралары іске қосылмақ осыған орай мемлекетіміздің басқармасында біраз өзгерістер енгізген жөн деп ойлаймын, осы бастамалардың бірі президенттік сайлау.

  5. Бүгін болсын ертең болсын бұл сайлау өз ретінде жүргізілетін еді, қазіргі әлемдік экономикалық жағдайларға байланысты тез арада өткізген дірыс деп шешті, болашағымыз үшін оңды болса болғаны ең бастысы елбасымызға сенемін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз