Алматыда банк ғимаратына «жарылғыш зат қойылғаны» туралы хабар тарады

2
70
Алматыда банк ғимаратына \"жарылғыш зат қойылғаны\" туралы хабар тарады
Алматыда банк ғимаратына «жарылғыш зат қойған» күдікті іздестірілуде. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.Банкке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен соң қалалық ІІД жедел әрекет ету қызметтері, «Арлан» арнайы жасағының жігіттері мен кинологтар комиссиондық тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылмады.

«Алмалы ауданының ІІБ негізінде құрылған іздестіру тобымен қазір сотқа дейінгі тексеру басталып кетті. Кейін Қылмыстық кодестің 273 бабы — лаңкестік акт жайлы жалған хабар тарату бойынша қылмыстық іс қозғалады. Полиция қызметкерлері қазір хабарлама таратқан адамды іздестірумен айналысуда», — қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кету керек, күндіз Алмалы ауданында орналасқан 5 қабатты ғимараттан барлық жұмыскерлер қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері аймақты қоршауға алды.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. бұл біздің банктердің өсімінің өте жоғары екенін тағы бір дәлелдеді. соңы не болар екен,

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз