Астанада өзіне қол салған подполковник мойнына ілінген қарыздан қорыққан болуы мүмкін

2
37
Астанада өзіне қол салған подполковник мойнына ілінген қарыздан қорыққан болуы мүмкін
Астанада 5 күн бұрын жұмыс орнының алдына көлігімен келіп, өзін гранатамен жарып жіберген подполковникке қатысты жаңа ақпарат шықты деп хабарлайды КТК арнасы.Марқұм мойнына ілінбек болған қарыздан қорқып өзіне қол салуы мүмкін. Қазір офицерді сиуцидке итермеледі деген бап бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.Тергеушілер Қорғаныс министрлігіндегі Арман Сыздықов басқарған бөлімнен 800 миллион теңгенің тауары ұшты-күйлі жоғалғанын анықтапты. Тексеру жыл басында жүргізілген екен. 8 түрлі техника мен өзге де бағалы мүліктердің жоқтығы сол кезде әшкереленіп отыр.

Осы берешекті бастықтар марқұмның мойнына ілмек болған деген күдік бар. Қазір Арман Сыздықовты суицидке итермеледі деген екі лауазымды басшыға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Яғни, подполковниктің ақырғы хатында аты-жөні жазылған екі әскери жауапқа тартылуы мүмкін.

Сыздықовтың жеке өміріне де қатысты жаңа мәліметтер бар. Марқұм 14 жыл бұрын анасы қайтыс болғанда қатты қайғырып, тіпті невропатологтың көмегіне жүгінген екен. Сонымен қатар, Сыздықов соңғы хатында заңды жары Гаухардың емес, азаматтық некедегі әйелі Айманға аманатын айтқан.

Подполковниктің компьютерлік ойындарға құмар болғаны, әлеуметтік желілерде өзін «Номад» деген лақап атпен атағаны анықталды.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз