Норвегиялық ғалымдар ата-бабаларының қазақ жерін мекендегенін айтты

2
24
Норвегиялық ғалымдар ата-бабаларының қазақ жерін мекендегенін айтты
14 ақпанда Астанаға норвегиялық ғалымдар делегациясы келді. Өздерінің қазақстандық әріптестерімен бірге олар бірлескен жаңа «Қорған ДНК» атты жобаның басталғанын хабарлады, деп жазады Сыртқы істер министрлігіні ресми сайты.Іс-сапар кезінде норвегиялық делегация Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен және Қостанайдың, Павлодардың, Қарағандының мемлекеттік университеттерінің өкілдерімен кездесу өткізеді.

Жобаға қатысушылар алдында айтарлықтай міндет тұр — біздің протоүндіеуропалық тамырымыздың ортақтығын дәлелдеу. Ғалымдар Қазақстанда қорған-қорымдардан ДНК-материалдарын жинаумен айналысатын болады.

Олардың нәтижесін әлемге әйгілі Копенгаген университетінің генетикалық лабораториясында талдайды. Норвегиялық мамандар, қазіргі технология, саяхатшы және ғалым Тур Хейердалдың (Thor Heyerdahl), викингтердің арғы аталары Каспийден тарады деген болжамын дәлелдейді деген сенімде.

Норвегиялық делегацияның құрамында Қазақстанға келген оның қызы Беттина Хейердал (Bettina Heyerdahl): «Бұл менің әкемнің соңғы экспедициясының басты міндеті болды. Лингвистикалық параллелдерге сүйене отырып, викингтердің арғы атасы, олардың құдайы ретінде саналатын Одиннің отаны осы аймақта екендігіне ол қатты сенді», — дейді.

Сонымен қатар, норвегиялық тарихшы Стурла Эллингваг(Sturla Ellingvåg): «Шамамен мың жыл бұрын біздің арғы аталарымыздың Орталық Азия және оңтүстік Ресей аймағында өмір сүрді, яғни сіздер мен біздердің бабаларымыздың отаны бір болды», — деп тұжырымдайды.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз