Қазақстанда жусаннан иіссу өндірілмекші

2
30

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанынан құрылған қолданбалы химия институтының ғалымдары “Қазақстанның жұпар иісі” жобасы аясында бірқатар табыстарға қол жеткізіп отыр.

 Қазақстанда жусаннан иіссу өндірілмекші
Әсіресе, олардың жусаннан иіссу өндіруге болатынын дәлелдеп шыққаны көңіл қуантады. Бұл ілкімді іс елімізде осы сала бойынша зауыт салуға жол ашуы мүмкін.

Қазақ даласында жусанның көп­теген түрі бар. Бұлардың әр­­қайсысы өзіндік ерекше қа­сиет­ке ие екенін ешкім жоққа шығармайды. Қазіргі таңда отан­дық ғалымдарымыз осы өсім­дікті зерттеу ісін жүйелі түрде жалғастырып, одан түрлі өнімдер алуды жолға қоюда.

Мәселен, қолданбалы химия институтының мамандары бұған дейін жусаннан эфир майын өндірген. Осыған байланысты құрылым директоры әрі жоба авторы, осы бағытта 13 жыл бойы тынымсыз еңбектеніп келе жат­қан ғалым Ерлан Сүлей­мен: “Эфир майлары елімізде өсе­тін өсімдіктен алынады. Бірін­шіден, жасанды қоспа емес, ол – табиғи. Кейбір пневмония, тұмау, аллергия ауруларына қар­сы дәрі-дәрмек жасауға болады. Екін­шіден, эфир майлары ароматерапия ретінде қолданылады”, дейді.

Жусаннан тек эфир майын алып қана қоймай, одан иіссу әзірлеу мәселесі де институт мамандарының басты назарында тұр. Мамандар жусанды иіссу өндірісіне таптырмас шикізат деп есептеуде. Бұл өсімдіктің өткір иісті қасиетін негізге ала отырып, 3 жыл көлемінде тер төккен химиктер осы аралықта түрлі өнім дайындап шығарды.

Қазіргі таңда атал­ған өсімдіктен жасалған иіс­тендіргіштерді медициналық мекемелер қолдана бастаған. Оны жағымсыз иісті жоюға, бактериялардың тарауына жол бермеуге пайдалануда.

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз