Қанат Ислам 1 наурыз күні аргентиналық боксшымен жекпе-жек өткізеді

0
57

kanat_islam2301

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мен аргентиналық Гуидо Николас Питто 2015 жылдың 1 наурызында Мәскеуде WBA International чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Бұл отандасымыздың кәсіби карьерасындағы 19-кездесуі. Оңтүстік америкалық боксшы бүгінге дейін 22 жекпе-жек өткізіп, 19-ында жеңіске жеткен (8 нокаут), ал үшеуінде жеңілген.

Ал Қанат Ислам шаршы алаңда 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті (15 нокаут). Айта кету керек, бұл жолғы жекпе-жекте боксшылар орта салмақтағы WBA International белбеуін сарапқа салады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 7-орында тұрған қазақстандық боксшы 2015 жылдың қаңтарында 2 орын сырғып 9-орынға тұрақтады.

Қанат өткен жылдың тамызынан бері жекпе-жек өткізбеген еді. Ол соңғы кездесуінде колумбиялық Фидель Монтерроса Муньосты 5-раундта нокаутпен ұтты.
Bnews.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз