Назарбаев: Батыс пен Ресейдің өзара санкциялары әлемдік экономикадағы қиын жағдайды ушықтырды

0
356

Батыс пен Ресейдің өзара экономикалық санкциялары әлемдік экономикадағы онсыз да қиын жағдайды ұлғайта түседі. Бұл туралы Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесуде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Назарбаев: Батыс пен Ресейдің өзара санкциялары әлемдік экономикадағы қиын жағдайды ушықтырды

«Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барынша тиімді жолы мемлекеттердің тығыз экономикалық байланысы саналады. Бүгінде Батыс пен Ресейдің өзара экономикалық санкциялары әлемдік экономикадағы онсыз да қиын жағдайды ұлғайта түсетіндігі сөзсіз. Елдер мен халықтардың жағдайы нашарлай түседі. Қазақстан да әлемдік қоғамдастықтың мүшесі ретінде мұнан тыс қала алмайды», – деді елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, бұл тұрғыда 12 ақпанда Минскіде қабылданған декларация Атлантикадан Тынық мұхитқа дейін ортақ экономикалық кеңістік құру идеясына бейілдікті қарастырады.

«Өз тарабынан Қазақстан сыртқы экономикалық байланыстарды және өңірлік интеграцияны кеңейту бағдарынан таймақ емес», – деді Назарбаев.

Источник: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз