Алматыда дизельдің орнына бензин құйылған жүргізушінің көлігі істен шықты

2
50

Алматы тұрғыны «Газпромнефть-Казахстан» ЖШС-нан 230 мың теңге өндіріп алды.

Алматыда дизельдің орнына бензин құйылған жүргізушінің көлігі істен шықты

Бұл туралы Алматы арнасы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аталған жанармай құю стансасында операторлар Низамовтың «Volkswagen Multivan» автокөлігіне дизельдің орнына бензин құйып жіберген.

Жанармай бекетінен 20 шақырымдай жүрген уақытта қозғалтқыш бөлік жағынан бөтен дыбыстар естіледі. Кейіннен стартер көп уақытқа дейін өшпейді. Көлік қозғалтқышының не себепті істен шыққанын білу үшін автокөлігін толықтай қарайды, сол сәтте дизельдің орнына АИ-92 маркілі жанармайының құйылғаны анықталды.

Шағымданушы техникалық қызмет көрсету стансасына жүгініп, көлікті тексеруге қалдырған.

«Бостандық аудандық соты Низамовтың талап-арызын жартылай қанағаттандырды. Сот «Газпромнефть-Казахстан» ЖШС-на автокөлікті қайта қалпына келтіру жұмыстарын өз есебінен жүргізуге, Ш.Низамовқа моральдық зиян келтіргені үшін 30000 теңге, оның шығындарын жабу үшін 17700 теңге, құқықтық кеңестерге кеткен 182500 теңгесі мен мемлекеттік бажға төлеген 2029 теңгесін өндіріп беруге шешім шығарды», -деді Қуандық Ешімет.

Источник: Алматы ТВ

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз