
АҚШ-тың Мэриленд штатында полицейлер ата-анасы мен қарындасын қырып салған 16 жастағы жеткіншекті атып өлтірді, деп хабарлайды The New York Post басылымына сілетеме жасап Bnews.kz.Кевин мен Сара Хендрикстің, сондай-ақ олардың қызы, 12 жастағы Грейстің мәйіті Кентуки штатының Корбин қаласындағы өз үйлерінен табылды. Белгілі болғандай, Джейсон Хендрикс қанды қылмыс жасағаннан кейін төрт аңшы қаруы мен оқдәрі толы сөмкені алып, ата-анасының көлігімен оқиға орнынан тайып тұрған.
Қылмыскер Балтимордан табылды. Онда жеткіншек басқа көлікпен соқтығысып, соңынан оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлерімен атыс ұйымдастырған. Атыс кезінде бір тәртіп сақшысын жаралап, оған жауап ретінде атылған оқтан өзі де қаза болды.
Не себепті жас баланың Балтиморға бет алғаны белгісіз – ол жақта ешқандай танысы да, туысы да болмаған. Кевин мен Сара Хендрикс ара шаруашылығымен айналысып, өндірген балдарын фермерлік базарда саудалаған. Сондай-ақ, жеткіншектің анасы жергілікті мектепте сабақ беріпті.
Қайғылы оқиғадан ажал құшқан отбасын білгендердің бәрі таңданыстарын жасырмады. Себебі жеткіншек өте сыпайы болған, одан адам өлтіретін қылмыскер шығады деп ешкім ойламаса керек.
Болжам бойынша, Джейсон ата-анасымен компьютер үшін сөзге келісіп қалуы мүмкін. Оқиғаға дейін бірер күн бұрын олар балаға компьютер ойнауға тыйым салған екен.
Сара Хендрикстің жұмыстағы әріптестері оның компьютерге тәуелді болып, есінен адасып бара жатқан баласы үшін қатты алаңдаулы болғанын айтып отыр.
По сообщению сайта Nur.kz