2015 жылы Париж бен Прагаға халықаралық әуе бағыты ашылады

2
80
2015 жылы Париж бен Прагаға халықаралық әуе бағыты ашылады
2015 жылы Париж бен Прагаға халықаралық әуе бағыты ашылады. Бұл туралы президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Инвестициялар және даму министрiнiң бiрiншi орынбасары Жеңiс Қасымбек мәлiм еттi, деп хабарлайды Bnews.kz.
«Өткен жылы тасымалданған жолаушылар саны 5,5 млн адамға жеттi, бұл – Қазақстан үшiн рекордтық көрсеткiш. 2013 жылмен салыстырғанда өсiм 10 пайызды құрады. Халықаралық әуе тасымалында нарық көлемi тұңғыш рет 51 пайызды құрады. Яғни, қазақстандық әуе компаниялары халықаралық желiде, Қазақстаннан Еуропаға немесе Азияға 51 пайыз жолаушыларды тасымалдады», — дедi Қасымбек.Оның хабарлауынша, 2014 жылы 13 халықаралық әуе бағыты ашылған. Биылғы жылы да жаңа рейстер ашылмақ, оның iшiнде Прага мен Парижге жоспарланған.

«2020 жылға дейiн Қазақстанда елдегi барлық 18 әуежайды қалпына келтiру көзделiп отыр, нәтижесi ИКАО талаптарына сәйкес болуы тиiс», — деп қосты бiрiншi вице-министр.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз