Астанада өзін жарып жіберген әскеридің әйелін полиция тергеп жатыр

0
393
Астанада өзін жарып жіберген әскеридің әйелін полиция тергеп жатыр
Астанада өзін жарып жіберген офицердің ісіне қатысты жаңа фигурант пайда болды. Полицейлер марқұм Арман Сыздықовтың жарын тергеп жатыр деп хабарлайды КТК.Құқық қорғау орындарының 5 сағат бойы не сұрағанын подполковниктің жұбайы арнаға берген экскюзивті сұхбатында айтып берді.«Тергеушілер мені «күйеуімді өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі» деп айыптап жатыр. Яғни Арман отбасылық ұрыс-керістен кейін суидцид жасауы мүмкін дейді. Тіпті мені психологиялық сараптамадан өткізбек. Арман мені де, балаларын да қатты жақсы көрді. Біздің өмірде басқа жоспарларымыз бар еді», — дейді  Арман Сыздықовтың жесірі Гауһар Сыздықова.

Гауһар енді тергеушілер күйеуінің өлімін отбасылық кикілжіңге ысырып, істі жылы жауып қоймақ деп қорқып отыр. Сондай-ақ, ол «марқұм компьютерлік ойындарға құмар болған, жүйкесі сыр берген» деген ақпаратты да мүлдем жоққа шығарды.

Өйткені, Арман Сыздықов жұмыста біреулердің күн көрсетпей жүргенін шет-жағасын әйеліне айтқан екен. Бірақ, ашық әңгімелемеген. Сондай-ақ, келіншек Қорғаныс министрлігінен жоғалған 800 миллион теңгелік тауардың күйеуіне қатысы бар дегенге сенбейді.

Мұндай қаржы болса, Арман алдымен мүгедек баласын емдетер еді дейді Гауһар. Подполковниктің артында екі баласы қалғанын айта кетейік. Ұлы туғаннан төсекке таңылған жарымжан. Қызының да денсаулығы сыр берген соң, жанұясы екі жыл Алматыда тұрыпты.

Ал  Арман Сыздықовтың өзі Астанадағы қызметтік жатақханада өмір сүрген. Қорғаныс министрлігінің шенді қызметкері өткен аптада тура жұмыс орны алдында өз-өзін гранатамен жарып жіберген болатын.

Қазір Сыздықовты суицидке итермеледі деген күдікпен оның тікелей басшыларынан жауап алынып жатыр.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз