Қазақстан Президенті терроризм мен дінді қатар қоймауға шақырды

28
216

Қазақстан терроризм мен экстремизмнің кез келген көрінісін айыптайды, бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шетел елшілерінің алдында сөз сөйлеген кезінде айтты. Бірақ ол террорлық әрекеттерді бейбітшіл исламға телімеуге шақырды, – деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

«2015 жыл қауіпті сындар мен жаһандық ауқымдағы қатерлердің өсуімен басталды. Париждегі террорлық әрекеттер қазіргі заман қоғамының халықаралық терроризмнің алдында осал екенін көрсетті. Бүгінде терроризмнің жаһандық мәселеге айналғаны ешкімнің күмәнін туғызбайды және онымен бүкіл әлем болып күрескен жөн. Қазақстан терроризм мен экстремизмнің кез келген көрінісін табанды түрде айыптайды және бүкіл елдердің бұл зұлым күшке қарсы ғаламдық жұмысына атсалысады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев Астанада шетел дипломатиялық корпусы өкілдерімен кездесуде.

Оның айтуынша, Қазақстан бұл қауіп-қатерге қарсы күресте халықаралық қоғамдастықпен өзара әрекет етуге күш салуға дайын. Бірақ ол терроризмді мұсылман дінімен байланыстырмау керектігін ескертті. «Радикализмге және терроризмге қарсы күреске күш салу дәстүрлі, бейбітшіл исламмен және басқа да діндермен байланыста қаралмауы керек. Мәдениетаралық, дінаралық диалог негізінде ғана біздің арамызға іріткі салатын идеологияларын таңатын экстремизмге қарсы тұруға болады», – деді Президент.

28 ПІКІРЛЕР

  1. Исламды терроризммен байланыстырмау керек деген ұстанымы өте орынды. Н. Назарбаевтың осы сөзін көп елдің басшылары ашық айта алмай келеді. Айтса да іс жұзінде басқаша көрініс беріп жатыр. Негізі Елбасы күллі мұсылмандарды қорғап тұр.

  2. Елбасы дұрыс қозғады осы мәселені,шыныменде бес саусақ ұқсамайды демекші,террор мен діңді қатарыннан қойып керегі жоқ,ал террорға қарсы бізде күш салуымыз керек.

  3. Дің деген ол әрбір адам үшің ең манызды,ал ол арқылы террористер қастандық жасап жүр менімше терраризмге қарсы барлық әлем бірігіп күрес жүргізуіміз керек.

  4. Исламды терроризіммен байланыстырмау керекпіз,осы діңмен тығылып террор жасап жүргендер ол сайтаннын ісімен жүргендер адасқандар деп есептеймім,барлық әлем бірігіп терроризмге қарсы жұмыс істеуі керек деп ойлаймым.

  5. Ислам дінінің негіздерінде тек сабырлық пен ақ көңілдік, ал дүние жүзінде бұл терроризмнің негізгі діні болып кетті. Өте дұрыс емес жағдай

  6. Ислам діні мейірімділікке, тазалыққа және кешірімді болуға үндейді. Ислам дінін терроризмге жақын көрсету бұл Батыстың саясаты. Ал Ирак, Сирия және кейбір Африка елдерінде болып жатқан құбылыс, радикалды ағымдарды дәріптеушілердің жұмысы.
    Біздің Елбасы елімізде Ислам дінінің дамуына қашан да қолдау көрсетіп келеді. Оны өңір-өңірлерде жаппай тұрғызылып жатқан мешіттер мен медреселерден байқауға болады.

  7. Бір қуантарлығы, елімізде мешітке барып жүрген жастардың саны көбейді. Балаларымыз жаман әдеттерден арылып, жүректеріне иман келтіріп, дұрыс жолға түскендері қуантады. Дегенмен, бүгінгі таңда Ислам дінін жамылып, жастарды радикалды ағымдарға арбайтындар көбейіп кетті. Осыған орай елімізде жастардың діни сауаттылығын арттыруға, экстремистік сипаттағы түрлі ағымдардың таралуына жол берілмеуі үшін бірқатар шаралар атқарылуда. Н.Назарбаевтың Ислам дініне, оның атына кір түспеуіне көңіл бөлетіні осыдан-ақ белгілі

  8. «Исламда экстремизм, терроризм деген нәрселер жоқ. Бұл Исламның өзегіне сәйкес келмейді, өйткені, Ислам дегеннің өзі бейбітшілік, тыныштық деген сөз. Исламның басты мұраты адамдар арасында бейбітшіліктің болғаны. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған топтардан діннен басқа себептерді, мақсаттарды іздеу керек. Олардың саяси, экономикалық, әскери т.т. мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек. Екінші мәселе, сондай саяси-экономикалық топтар туралы айтқанда не жазғанда міндетті түрде «Исламдық террористер» деген тіркеуді қосатындардың ойы бөтен. Егер, олардың мақсаты терроризмді, экстремизмді қаралау болса, онда тек террористтерді немесе экстремистерді айыптар еді олар, Ислам сықылды бәшериет (күллі адамзат) жаралғалы бері жеткен ең жоғары өркениет дәрежесіне, ең таза имандылыққа тіл тигізбес еді олар.
    «

  9. Дүніеде ең таза тура жолға бастайтын дін Ислам. Кейбіреулер соны өз пайдасына салғысы келеды.

  10. Президентіміз әр қашан елімізде діній қақтығыс болдырмау мақсатында еңбек етіп елде өзара достық қалыптастырды.

  11. Жастарымыздың мешітке барыу қуантады тек оларды дұрыс жолға бастап діні мәселеде ақ пен қара айрып алуына көмек қажет.

  12. Елбасы нәзік мәселеге көңіл аударғаны жаксы болған екен. Біреулердың жаман ойы елімізге кіріп оның ішінде халыққа зиян тіегезмесін..

  13. Еліміздың тыныштығына тіл тіемесін. Исламда шынында экстремизм және терроризм деген жоқ. Осыны жас ұрпаққа жақсылап түсіндіруміз керек.

  14. Елбасы Назарбаевтың терроризм мен дінді қатар қоймау туралы пікірлері өте актуалды болып отыр. Қазір қит етсе, шет елдердің ақпарат құралдары ислам терроризмі, діншілдердің бүлігі дейтін болыпты. Бұл дұрыс емес. Елбасы мәселеге шынайы, шын жанашырлықпен қарауды ұсынып отыр.

  15. Елбасы Назарбаевтың ұсыныстары, өзіндік көзқарастары қызықтырады. Елбасы терроризм мен дінге қатысты ойларын ашық айтып отыр. Шындығы да солай ғой. Дін мен терроризмнің қандай мағыналық ортақтығы бар? Бұл жерде саяси әділдік қажет.

  16. Терроризм, діни дау-жанжал қазір ұшығып тұр. Жер бетінде жойқын талас-тартыс болатыны сөзсіз. Ол үшін бірлік керек.

  17. Париждегі қанды оқиғаның дауы әлі жалғасуда. Сондықтан сақтық керек.

  18. Лаңкестік әрекеттері көбейіп кетті. Бұған бір тосқауыл табылса, дұрыс болар еді.

  19. Әрине, Елбасы айтқаны орынды әрі дұрыс. Дәстүрлі ислам мен экстремизмнің ешқандай қатысы жоқ.

  20. Жастар еліктегіш келеді. Оларды түзу жолға салып, дұрыс насихат жасалуы керек.

  21. Қазір еліктейміз деп, шет ел асып кеткен, я болмаса қауіпті секталардың жетегіне ерген жастар елімізде күн санап артып келеді. Соларды жөнге салу қажет.

  22. Діннің атын жамылып, қылмыстарын жүзеге асыратын заңсыз діни ұйымдарды қатаң жазаласа, нұр үстіне нұр болар.

  23. Ислам тек қана жақсылық пен адамдыққа, мейірім мен ізгілікке үгіттейтін қасиетті дін.

  24. Мешіттердегі үгіт-насихат күшейтіліп, секталардан сақтануға үйретсе, жастар ислам мен экстеримзмнің аражігін ажыратар еді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз