
2015 жылғы сәуірден бастап Қазақстан ауруханаларында қағаз құжаттар толтырылмайтын болады.Бұл туралы 2014 жылғы жұмыс нәтижелері мен 2015 жылғы міндеттерге арналған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.
«Сәуір айынан бастап медициналық қызметкерлердің автоматтандырылған жұмыс орындарына ие медициналық ұйымдарда пациенттің амбулаторлық картасынан басқа қағаз құжаттар толтырылмайтын болады», — деді Тамара Дүйсенова.
Министрдің айтуынша, ДСӘДМ мамандары мемлекет басшысының тапсырмасымен 2016-2020 жылдарға арналған Денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге кірісіп кетті.
По сообщению сайта Nur.kz