Қырғызстанда мұғалім әйел өз балаларын аяусыз өлтірген

0
387
Қырғызстанда мұғалім әйел өз балаларын аяусыз өлтірген
Қырғызстанда барлық мұғалімнің психикасы тексеріледі. Бұған осы жылдың 15 ақпанында Бішкектегі мектептердің бірінде ұстаз болып қызмет еткен әйелдің өз балаларын аяусыз өлтіруі себеп болған, деп хабарлайды Bnews.kz.Белгілі болғандай, аталмыш әйел Республикалық психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған екен.Қырғыз Республикасының білім министрлігі бүкіл ел бойынша білім саласында еңбек ететін 70 мың қызметкердің жеке істерін тексеріп шығу туралы шешім қабылдады.

Білім министрлігінің өкілі Салтанат Мамбетованың айтуынша, жалпы білім беретін ұйымдардың типтік ережесінде бұрын сотты болған, психикалық немесе қандай да бір ауруы бар тұлғалардың мектепте жұмыс істеуге және педагогикалық қызметпен айналысуға құқығы жоқ деп жазылған.

Білім министрлігінің ақпаратынша, Қырғызстанда 2 207 мектеп жұмыс істейді, онда 1 млн 27 мың оқушы білім алуда.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз