Балаларға арналған ақпараттық өнімдер қатаң сүзгіден өтпек

2
68
Балаларға арналған ақпараттық өнімдер қатаң сүзгіден өтпек
Балаларға арналған ақпараттық өнімдер қатаң сүзгіден өтеді деп хабарлайды 7 арна.
Елімізде бір жыл ішінде 340 жасөспірім өз өзіне қол жұмсамақ болып, 211-і көз жұмған. Бұл қайғылы жағдайлардың 25-і Шығыс Қазақстанда, 22-сі Алматыда, 21-і Қарағандыда және 18-і Ақмола облысында тіркелген екен.

Бүгін осындай суық статистиканы тілге тиек еткен мәжіліс депутаты Алдан Смайыл «бұл баспасөз құралдары мен ғаламтордан келіп жатқан өнімдердің кесірі», — деп отыр.

Ал сол көк жәшіктің балаларға арналған жобаларын реттейтін заң жобасын мәжілістің әлеуметтік мәдени даму комитеті 4 жылдан бері дайындап жатыр. Сарғайып қалған құжатты олар сенаттағы әріптестеріне ұсынды.

«2009 жылы 202 өзіне бала қол салғанын ескерсек, 2 жылда 413 жеткіншек көз жұмған. Жасөспірімдердің қатігездігі, құрбыларын өлтіруі немесе аяусыз ұрып соғуы, жат секталарға енуі, үйден безіп Отан, халық деген ұғымды тәрк ету сияқты әрекеттер көбейіп бара жатты. Балаларды осындай қадамдарға итермелейтін интернет сайттарға тыйым салатын заң мүлде болмаса, баспасөздер телерадио арналарды қадағалайтын заңнама қалыптасқан жағдайға сәйкес толықтыруды қажет етті», — дейді парламент мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл.

Заң жобасын талқылаған комитет мүшелері арнайы комиссия құру керек деп шешті. Ол баспасөз құралдарындағы балалардың психикасына кері әсер етеді деген өнімдерді бақылап, сүзгіден өткізіп отырады. Талапты сақтамағандарға тіпті әкімшілік жаза қарастырылмақ.

Айта кету керек, ТМД көлемінде «Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына нұқсан келтіретін ақпараттан сақтау» жөніндегі заңнама әзірге тек Ресейде ғана қабылданған екен.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз