
Өзінің сән-салтанатымен өзге шаһарлардан атағы асқақтап тұрған Дубайдың тағы бір кереметі пайда болды.Италяндық ғалымдар ойлап шығарған «жасанды бұлт» құрылғысы енді дубайлықтарды аптап ыстықтың азабынан құтқаратын болады, деп жазады muslim.kz.
Көптеген құбырлардан тұратын құрылғы суық ауа буын үрлеу арқылы айналасын салқындатып, жаңбырдан соңғы жағдай туғызады.
Бір айта кетерлігі, құрылғыс сенсорлық жабындыларымен жабдықталып, тек адам жақындағанда ғана суық ауа үрлей бастайды.
Айта кетейік, ауаны белгілі бір қалыпқа келтіру жөнінен Дубай әмірлігі әлемдегі көшбасшы қалалардың бірі болып табылады. Ал жаңадан ойлап тапқан құрылғы ақпан айының соңында «Болашақ мемлекеттік қызмет музейінде» көрсетіледі.
По сообщению сайта Nur.kz