Қазақстанда ұшақ билеттерінің бағасы арзандауда

3
26
Қазақстанда ұшақ билеттерінің бағасы арзандауда
Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты еліміздегі ұшақ билеттері арзандап жатыр.

14 ақпаннан бастап Эйр Астана компаниясы қала аралық бірқатар бағыттарға билет құнын 1 жарым мыңнан 3 мың теңгеге дейін төмендеткен.

Инвестиция және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбек әуе компаниясы халықаралық бағыттарға да билет құнын арзандатуы тиіс дейді. Сондықтан, Эйр Астанадан бағаларын 30 пайызға дейін төмендетуін талап етеміз деп отыр.

Ал бағалары біршама төмен «Скат» пен «Бек Эйр» компаниялары өз қызметтерін 38 пайызға дейін түсіруі тиіс. Бірақ, мұнай бағасы көтерілсе, ұшақпен қатынау қайтадан қымбаттамақ.

Сондай-ақ бензинмен жүретін қаларалық автобустар мен қоғамдық көліктердегі билет құны да арзандауы мүмкін. Министрлік жергілікті әкімдерге қоғамдық көлікпен қатынауды төмендету туралы ұсыныс жасаймыз дейді.

По сообщению сайта Nur.kz

3 ПІКІРЛЕР

  1. автобустың жол ақысын арзандатса жақсы болар еді, Талдықорған қаласына 70 теңге қымбат

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз