Филиппин қызы ислам дінін қабылдап, қазаққа келін болды

2
44
Филиппин қызы ислам дінін қабылдап, қазаққа келін болды
Алматы Орталық мешітінде ұлты филиппиндік Гахол Сандра Теянес есімді қыз ислам дінін қабылдады, деп хабарлады muslim.kz.Гахол Сандра Теянес христиан діні, оның ішінде католик сенімінде болған. Сандра Ислам дінін зерттеп барып қабылдаған.Қазақстандағы шетелдік фирмаларда қызмет ететін Сандра өзімен бірге әріптес қазақ жігітімен некеге тұрып, отбасын құрды.

Сандраға Алматы Орталық мешітінің қызметкері Әнуар Елжанов Ислам дінін қабылдаған азаматшаға ислам құндылықтары жайында қысқаша түсінік беріп, оларды тақуа мұсылмандардан болуға насихаттады.

Мешіт атынан дайындалған сыйлық кітаптарды тарту етіп, бауырластық ниетпен олардың мұсылманшылық қадамдарына сәттілік тіледі.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз