
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының астанасына $880 млн бөледі, деп хабарлады ХОК бағалау комиссиясының төрағасы Александр Жуков.
«Барлығы келісті деңгейде өтуі үшін, ХОК қысқы 2022-Олимпиаданы қабылдаушы қалаға 880 млн АҚШ долларын бөледі», — деді Жуков сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.
Мұнымен қатар ол Алматыда Олимпиада астанасы атанатын барлық мүмкіндік бар екенін атап өтті.
«Қаланы таңдау бірнеше фактормен анықталады. Бұл шешімді бағалау комиссиясы қабылдамайды. Біздің рөліміз әр өтінімді жан-жақты бағалап шығуда. Бірақ Алматы 2022 жылғы қысқы олимпиада ойындарын сәтті өткізіп шыға алатындай жағдайда», — деп атап өтті ол.
Жуковтың айтуынша, 2022-Олимпиада ойындарын Алматыда өткізген жағдайда, тау шаңғысымен құлдилаудан өтетін жарыс Шымбұлақтан Алматау тау шаңғысы турбазасына ауыстырылады.
«Өтінім комитеті техникалық себептердің салдарынан тау шаңғысымен құлдилаудан өтетін барлық жарысты Шымбұлақтан Алматау (тау шаңғысы турбазасына – ҚазТАГ) ауыстыру ұсынысын жасады, себебі халықаралық тау шаңғысы спорты федерациясы ондай жарыстарды өткізу үшін ыңғайлы орын еместігін мәлімдеді», — деп түсіндірді Александр Жуков.
Бұдан басқа, оның айтуынша, Көк Жайлауда да ешқандай жарыстар өткізілмейді.
«Көк Жайлауда Олимпиада ойындарымен байланысты ешқандай жұмыс жүргізілмейді. Барлық жарыс бір жерде ғана өтеді», — деп толықтырды ол.
По сообщению сайта Nur.kz