Қазақстан бокс федерациясы «қатаң үнемдеу» режиміне көшті

2
30
Қазақстан бокс федерациясы \"қатаң үнемдеу\" режиміне көшті
Қазақстан бокс федерациясы «қатаң үнемдеу» режиміне өтеді, деп хабарлады ҚБФ президенті Тимур Құлыбаев.
«Біз 2015 жылды бастап жатырмыз. Дағдарыстың Қазақстанды да жанай өткенін сіздер жақсы түсінесіздер деп ойлаймын, яғни, соның ішінде экономикалық ахуал мәз емес. Сол себепті біз 2015 жылдың бюджетін өте қатаң үнемдеу режимінде жүргізетін боламыз», — деді Құлыбаев  федерацияның  конференциясында.

«Біздің негізгі міндет – құрамалардың 2015 және 2016 жылдың маңызды жарыстарына  дайындалуын қамтамасыз ету. Сондықтан,  қалған мәселелерді біз кейінге қалдырамыз», — деп толықтырды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық экономикада анау айтқандай жеке дара дағдарыстың жоқ екенін мәлімдеді.

«Біздің қазақстандық экономикада анау айтқандай жеке дара дағдарыстың жоқ екенін тағы бір мәрте айтып өткім келеді», — деді Н. Назарбаев 11 ақпандағы үкіметтің кеңейтілген отырысында.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. «Дағдарыстың Қазақстанды да жанай өткенін» соғып кетпегеніне құдая тоба.

  2. барлық салада, дағдарыс кезінде ғана емес, барлық уақыттада солай болуға тиісті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз