Елімізде жастарды жаппай бармен мен даяшылыққа дайындайды

2
17
Елімізде жастарды жаппай бармен мен даяшылыққа дайындайды
Қазақстанда «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы аясында жастарды қызмет көрсету саласына, атап айтсақ, даяшылар мен бармендер жұмысына жаппай дайындау жоспарлануда.
Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.

«Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің жастарды қысқа мерзімді курстар арқылы қызмет көрсету саласында жұмыс жасауға дайындау тәжірибесін пайдалану жоспарлануда. Оқытуды жоғары білікті шеберлер өткізеді, оларға сәйкесінше ақы төленеді. Курсанттар үшін оқу тегін, ал жүріп-тұрулары, жатын орны өз қалтасының есебінен жүргізіледі», — деді Дүйсенова сейсенбі күні министрліктің кеңейтілген алқа жиынында.

Оның айтуынша, дайындық бірнеше деңгейден тұрады. Бірінші дейгейде арзан тамақтанатын асханалардың даяшыларын дайындайды. Ал оқуын жалғастырып, екінші деңгей бойынша аяқтағандар бірден қымбат кафе мен мейрамханаларда жұмыс істей  алады. Келесі кезеңде бармен мамандығын алуға болады.

«Осындай курстарды бізде де ұйымдастыруға болады деп ойлаймын, оған мейрамхана, қонақ үй және қызмет көрсету саласының басқа да қожайындарын тартуға болады», — деп толықтырды ведомство басшысы.

Сонымен қатар, министрлік тәжірибелі тәлімгерлерді (зейнеткерлерді, зейнеткерлік жас алдында тұрғандарды) тарта отырып, жастар үшін жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіби және тәжірибе тұрғысынан оқытуды ұйымдастыру жоспарлануда.

Бағдарлама авторларының айтуынша, бұл тәлімгерлер үшін нақты әлеуметтік орындар құруға, жастарды әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтуға мүмкіндік береді.

Тамара Дүйсенова атап өткендей, осындай механизмдер қазір Францияда сәтті жүзеге асырылуда және ол «ұрпақтар келісім-шарты» деп аталады.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз