Астанада автобус өртеніп кетті

0
52

Астанада автобус өртеніп кетті, зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Уәлиханов пен Бараев көшелеренің қиылысында Autosan маркалы автобусының жанып жатқаны туралы хабар 18

ақпанда сағат 19.52-де түсті. Қозғалтқыш бөлігі мен жолаушылар салоны өртенді. Өртсөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Мамандар келгеннен кейін өрт 8 минуттың ішінде толық ауыздықталды. Өртсөндірушілердің шұғыл әрекетінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ», – деп хабарлады Астана ТЖД баспасөз қызметінің басшысы Аягөз Фазылова.

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрттің алдын ала себебі: электр өткізгіштердің қысқа тұйықталуы.

Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын Астанада тұрғын үй ауласында тағы екі автокөлік жанып кеткен еді: Daewoo Nexia мен оның жанында орналасқан Toyota Land Cruiser.

Бұған дейін, өткен жылы 1 желтоқсанда «Сарыарқа» велотрегінің жанында дәл осы себеппен автобус жанып кеткен болатын. Астана ІІД хабарлауынша, велотрекке ол автобуспен Тұңғыш Президент күніне арналған шараларға студенттер жеткізілген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз