Головкиннің жаңа шапаны

0
209

» ГЕНАҒА АРНАП ҚАЗАҚЫ ШАПАН ТІГІЛДІ» 

  атты ақын Серік Сейтманның мақаласын жариялады. Бұл мақалаға ел әлеуметтік желіде жарыла жаппай үн қосуда. Барлығы бір ауыздан қолдау білдіруде.

 Иә, ұлтаралық ынтымақтың жарқын белгісіндей жарқылдап жүрген кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Геннадийұлы Головкиннің: әкем – орыс, шешем – кәріс, өзім – қазақпын» -деген қанатты сөзі интернент әлемін шарлап кетті. Әлемнің үздік боксшысы атанған Гена сол қазақы қалпынан танбай әр жеңісі сайын Қазақстанның көк туы мен шапан киіп шығады. Бір әттеген-айы, үстіне ұлттық шапан деп киіп жүргені қазақтың шапаны емес, шығыстық, өзбек шапаны екенін Генаға айта қояр ешкім табылмаған секілді.  Осы кемшілікті толтырғысы келген Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының кәсіпкер азаматы Әбдімәжит Сыздықбеков өзі бастамашы болып, ұлттық шапан тіктірді. Ол шапаны – нағыз қазақтың ұлттық шапаны деуге тұрарлық болып шықты! Көк туымызда бейнеленген күн астындағы қыран мен ұлттық оюлар және Генаның ертаңбасы – GGG атты әлемге әйгілі болған жазу да көрнекі бейнеленген.
 Кезінде құмды өңірге «Алпамыс батыр» стадионы мен тұтас спорт кешенін салдырып, бүкіл зиялы қауым мен спортшылардыжинаған Әбдімәжит Саттарұлы тек шапан тіктірумен шектелмей, сол шапанды алып, Монако қаласына ұшып та кетті. Бүгін Париж қаласынан бізге хабарласып, qazaquni.kz ұлттық порталына рахметін айтты:
–      Гена бауырымыз рингке шығып, жеңіске жетіп, көк туды жамылып шыққан  сайын бүкіл қазақтың төбесі де көкке жетеді!  Тек киіп шығатын шапаны біздің көршілердің, өзбектің шапаны екенін көргенде, о бастан олармен бәсекелесіп келе жатқан біздің ішіміз қылп етіп, дызылдап-ақ қаламыз… Енді, міне, өз қолыммен тапсырыс беріп, тіктіріп, алып бара жатырмын. Жұма күні, құдай қаласа, Монако қаласында боламын. Алдын-ала Генамен келіссөз жүргізуге тырысып жатырмыз. Ал сіздердің qazaquni.kz сайты мен әлеуметтік желілерде, БАҚ-тарға,  осы тілекке үн қосып, қолдап жатқан барлық қазақстандықтарға шын жүрегіммен алғысымды жеткізсеңіздер екен. Ендігі ниет – тек Генаға жеңіс тілеу ғана, -деді.
Әбекең алдағы уақытта әлемдік шаршы алаңдардың шаңын шығарып жүрген тағы бір баһадүр ұлымыз, Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері  Қанат Исламға да осындай шапан тіктіру жоспарлап отырғанын айтты. «Тек Қанат бауырымызға Генаның жеңісті жолын тілеймін» дейді.
Ұлттық батырымыз Генаға да, Алпамыс батырдың ұрпағы, ұлтжанды патриот азамат Әбдімәжит Саттарұлына да Ақ жол тілейміз! Алла тағала Гена батырды жеңіс үстіндегі ұлттық шапанмен көруді жазсын!
 Қазыбек ИСА, 
qazaquni.k

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз