Алматы теракті қауіпінен сақтану үшін кеңейтілді

0
331

Халыққа есеп беру кездесуінде Ахметжан Есімов қала шекарасының кеңею себебін түсіндірді, деп хабарлайды

Алматы теракті қауіпінен сақтану үшін кеңейтілді
Алматы

Соңғы жылдары Алматы аумағы екі есеге ұлғайып, Алатау және Наурызбай аудандары құрылған еді. Жаңа аудандарды қаржыландыру мәселесіне байланысты қала аумағын кеңейту айналасында көптеген дау туындаған еді.

«Қала аумағын кеңейтуге себеп болғандардың бірі – бұл жол инфрақұрылымын дамыту, өткен жылы Алматы аумағы екі есеге ұлғайып, 23 мың гектар қосылған еді. Екіншіден, шекараны кеңейту бастамасын әкімдік емес, республиканың құқық қорғау органдары көтерді», – деді ол.

Әкім қала аумағын кеңейтудегі басты мақсат ол тұрғындардың қауіпсіздігі екенін де атап өтті.

«Естеріңізде болар, 2012 жылы Алматы түбінде, яғни Таусамалы ауылында, Ақсай шатқалы мен Бағанашыл кентінде бірнеше теракт орын алған болатын. Қазір осылардың барлығы Алматы аумағына қосылып отыр. Талдықорғанға қарағанда Алматыдан бұл операцияларды жылдамырақ басқару үшін мұндай қадамға барып отырмыз. Меніңше бұл дұрыс шешім, әрине қосымша шығынды қажет етеді, дегенмен ең маңыздысы қауіпсіздік. Енді біз қосылған аумақтарды дамытып, олардың әлеуетін пайдалануымыз қажет», – дейді Есімов.

Айта кесек, жаңадан құрылған Наурызбай ауданының аумағы 6 967 гектарды құрайды, алдын ала есептеулер бойынша қазір онда 157 мың адам тұрып жатыр.

Өткен жылы Наурызбай ауданы бойынша басым іс-шараларды жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 5,1 млрд теңгеге тарта қаражат бағытталған болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз