Семейдің іргесіндегі ауыл 20 жылдан бері жарықсыз отыр

0
353

may_sham_-_01

Семей қаласының іргесіндегі Балта-Тарақ ауылы 20 жылдан бері жарықсыз отыр. Осыншама уақыт қара түнекте күн кешкен халық барлық өркениеттен қол үзіп, тіпті теледидардың да түрін ұмытып қалған.

«Сондықтан елде не болып жатқанынан бейхабармыз», -дейді. Ауылдықтар бұл мәселені айтып талай табылдықырты тоздырыпты. Бірақ жергілікті басшылар ешкім арызданып келген жоқ деп таң қалдырды.

Қаладан 24 шақырым қашықтықта орналасқан Балта-Тарақ елді мекенін табудың өзі қиын. Атауы жазылған маңдайша да орнатылмапты. Ал жарық тарататын бағаналар болған, бірақ 1995 жылы өртеніп кеткен.

Сонан бері мұндағы 20-ға жуық отбасы «жарықсыз отырмыз», -дейді. Ал мәселенің мәнісін айтып әкімдерге барғанымен, мардымды жауап ала алмағандарын айтады.

«Бағана мен жоғарыдан тартылатын сымды 1 миллион дейді. 1 миллионды біз қайдан табамыз? Оған мүлдем жағдайымыз келмейді. Қолымызда бары сиыр ғана. Бір-бір сиырдан берейік дегенбіз. Бірақ жабулы қазан жабулы күйінде қалды», – дейді  Балта-Тарақ ауылының тұрғыны Үсен Хасенов.

Ауылдықтар ас қамдау үшін от жағып, самаурын қайнатып күнелтеді. Тығырықтан шығу үшін түрлі тәсілдерді қолдана бастаған. Өздерін жарықпен қамту үшін әр баспана мотор онатып алыпты. Жанармаймен істейтін құрылғы ескі болғандықтан, жиі істен шығады екен. Ал оның сайманы да жоқтың қасы.

Бағана мен жоғарыдан тартылатын сымды 1 миллион дейді. 1 миллионды біз қайдан табамыз? Оған мүлдем жағдайымыз келмейді.

«Өшіп қалады 1-2 сағат жанғанан кейін. Күніне 400-500 теңгенің ақшасы кетеді бензинге. Айына бір 10-15 мыңдай ақша кетіп жұмсаймыз бензинге», – дейді ауыл  тұрғыны Думан Әміров.

Ауыл әкімдігіндегі  бас маманның сөзінше, талай жылдың жүзі болса да, тұрғындардың ешқайсысы жарыққа қатысты өтініш айтып келмеген. «Сондықтан, ауыл еленбеген», -дейді. Қазіргі таңда, жарықпен қамту жолдарын қарастыра бастапты.

«Халықты жинаймыз. Мән-жайды түсіндіреміз. Қажетті электрдің қуатын есептеу керек. Оларға жарық таратушы мекемеге өтініш түсіруге көмектесеміз. Сметалық құжат әзірлеу үшін жобалаушы компаниялардың қызметіне жүгінбекшіміз», – дейді  Озерка ауылдық округі әкімшілігі аппаратының бас маманы Ерғали Байтасов.

Жарықты жақын орналасқан Знаменка немесе Жарқын ауылдарының бірінен тарту көзделіп отыр. Десе де мамандар бұл мәселені «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына енгізсек, жылдам шешімін табады деген үмітте.

Сондықтан халықтың тілегін орындау үшін қолдан келгенің бәрін жасауға тырысамыз деп отыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз