Ресейдің Омбы облысы Қазақстаннан жер сұрап отыр

0
550
Ресейдің Омбы облысы Қазақстаннан жер сұрап отыр
Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров елімізге күтпеген өтініш жасады деп хабарлайды 31 арна.Ресейдің Русская Поляна ауылына жету үшін Солтүстік Қазақстан территориясын басып өтуге мәжбүр болған Омбы тарабы жер алмасуды сұрайды. Есесіне, құнарлылығы жағынан кем түспейтін Ресей жерінің дәл сондай бөлігін Қазақстанға бермек. Қазақ халқына тиесілі жерді көрші мемлекет меншігіне беру мәселесі бойынша облыс әкімі бастаған бір топ делегация тіпті Омбыға барып, екі тарап кездесу өткізген.«Бүгінде шекаралық аймақтарда демаркация жүргізіліп отыр. Егер бұл жерді Омбы губерниясына берсеңіздер, біз дәл сол көлемдегі табиғаты, климаттық жағдайы сәйкес келетін аумақты Қазақстанның территориясына тапсырамыз», — дейді Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров.

Губернатордың ұсынысына СҚО-ның әкімі де өз жауабын айтты.

«Виктор Ивановичпен бұл мәселені арнайы қарайтын комиссия құруды жоспарлап отырмыз. Сосын, ұсынысымыз демаркация жөніндегі үкіметаралық кеңесте қаралатын болады. Мәселені шешу солардың құзырында. Ал біз жергілікті билік ретінде толық картинаны беруіміз керек», — деді СҚО әкімі Ерік Сұлатнов.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі бұған қоса, Қызыл ту мен Русская Поляна арасын қосатын 100 шақырым теміржолды қалыпқа келтіруді сұраған. Әкімнің сөзінше, бұл көрші облысқа экспорт тасымалын ұлғайтуға септігін тигізеді екен. Дегенмен облыс тұрғындары шекара алмасу туралы пікірдің қозғалмауын, бұл түпкілікті шешілген мәселе ретінде қайта қаралмауын қалайды.

Көпшіліктің пікірі «Қазақстанның біртұтастығына нұқсан келмеуі тиіс» дегенге саяды. Ал, саясаттанушы Расул Жұмалының бұған қатысты өз пікірі бар.

«Дегенмен, мәселенің соңғы түйіні үкіметаралық кеңесте шешілуі мүмкін. Ал қоғамға бұл ұсыныс аса ұнай қоймай отыр», — дейді саясаттанушы Расул Жұмалы.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз