ШҚО-да офицер жауынгерді өз-өзін өлтіруге жеткізген

0
327
ШҚО-да офицер жауынгерді өз-өзін өлтіруге жеткізген
ШҚО шекара заставасының бастығы жауынгерді өз-өзін өлтіруге жеткізгені үшін 5 жылға сотталды.Әскери сот үкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2017 әскери бөлімінің «Туат» шекара заставасының бастығы А.Қуанышпаев қатардағы жауынгерді өз-өзін өлтіруге жеткізгені үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлады әскери прокуратурасының баспасөз қызметінен.

«Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Қарағанды гарнизоны әскери сотының үкімімен Қуанышпаев Қылмыстық кодекстің 451 бабының 2 бөлігіндегі (жаңа кодекс) қылмысты жасағандығы бойынша айыпты деп танылып, осы бап бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылып, оны жалпы режимдегі түзеу колониясына өтеуге сотталды», — делінген бейсенбідегі хабарда.

Сот үкімімен Қуанышпаев «лейтенант» әскери атағынан айырылды және одан келтірілген залалдың орнын толтыру және моральдік шығын үшін өтемақы ретінде Наурзгалиевтің өкілі пайдасына 3 млн теңге өндірді.

Еске салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2017 әскери бөлімінің «Туат» шекара заставасына іргелес жатқан аумақта қатардағы жауынгер А.М.Наурзгалиевтің денесі табылу оқиғасы бойынша, осы шекара заставасының бастығы лейтенант А.С.Қуанышпаевқа қатысты Қылмыстық кодексінің 380-1 бабының 2 бөлігіндегі қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз