1 науырыздағы жекпе жектің өтпеуі қаржының мәселесі емес

1
55

Қанат Ислам

Kanat-Islam

Кәсіпқой бокс саласында Америкада бақ сынап жүрген Қанат Исламды білмейтін қазақ кемде кем. Ұлт намысын ту еткен оғлан туралы бүгінгі тараған ақпарат талай қазақтың жүрегін ауыртты.  Қауесеттің ауаны «Қанат Ислам 1 науырызда өтетін жекпе-жекке қаржының жоқтығынан қатыса алмайтын болған» көрінеді. Естеріңізде болса осыдан сәл бұрын Қанаттың ендігі кездесуі Мәскеуде өтетіндігі хабарланған.Қарсыласы Аргентиналық Гуидо Николас екендігі де жария болып еді.

«Қамшы» порталына сұхбат берген Қанат Исламның айтуынша, мәселе мүлдем қаржыға байланысты емес. Керісінше 1 науырыздағы кездесу ресейлік команданың қалауы бойынша шешіліп кеткен. Соған байланысты кейбір келісім-шарттар екі жақтың үддесінен шықпаған. Яғни Қанат пен оның командасының талап-тілегі мен пікірлері мүлдем ескерілмеген. Ал ресейліктер болса ақпаратты бәрін өз қалаулары бойынша шешіп тастаған кемшіліктерінен емес, «Қанаттың қаржысы жоқ» деген қауесетке әкеліп тіреген.  Мәскеудегі жекпе-жектің өтпей қалуындағы негізгі себеп – осы. Ал Қанат Исламға әуел бастан белгілі меценат, ұлт патриоты Бауыржан Оспанов басшылық ететін «Жер-Су» корпороциясы қаржылық демеу көрсетіп келеді. Сондықтан «Қанат қаржы жоқ болғандықтан жекпе жекке қатыса алмайтын болды деу» мүлдем шындыққа жанаспайды.

Қанаттан білуімізше, ол асылы алдағы 22-23 науырызда Колумбияда өтетін жекпе жекке дайындалып жүрген. Тіпті оған дейін Американың өзінде бір кездесу болуы да мүмкін. Ол туралы да келісімдер жасалып жатқан көрінеді.

«Қамшы» сілтейді

1 Пікір

  1. Ресей қорқау болғанша таза жеңілісті жария етпей ме?Қанат бұның өзі саған үлкен Жеңіс.Сенен әлден қашып жатыр. Алла бұйыртса алдыңа келгеннің бәрін құлат.Саған денсаулық, тек сәттілік тілейміз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз