Мартин Мюррей: Головкиннің осал тұсы жоқ

2
47
Мартин Мюррей: Головкиннің осал тұсы жоқ
Орта салмақта өнер көрсететін британдық боксшы Мартин Мюррей (29-1-1, 12 КО) әлем чемпионы Геннадий Головкиннiң (31-0, 28 КО) бойынан бiрде-бiр әлсiз жер таппады.

Екi күннен соң ол Головкинмен бiр шаршы алаңда кездеседi. Дегенмен, Мартин оған бас қатырып жүрген жоқ, себебi чемпионның осал жерлерiн жекпе-жек барысында анықтауды жоспарлауда.

«Шынын айтқанда, Головкинде осал жер көре алмадым. Мен Серхио Мартинес пен Феликс Штурммен жұдырықтасқанда, олар бұның алдында жеңiлiп көрген едi. Сондықтан бiз олардың әлсiз тұстарын көруге мүмкiндiгiмiз бар болды. Бiрақ Головкин ешқашан жеңiлiп көрмеген, тiптi нокдаун алмаған. Сонымен қатар ол Мартинес пен Штурмға қарағанда жас, әлеуеті зор», — дейдi Мюррей.

Оның сөзіне қарағанда, Мюррейдің бапкерлері Головкинге қарсы жұдырықтасудың амалдарын жасап, бірнеше жоспарлар құрастырған.

«Бiз қол қусырып отырған жоқпыз, жоспарларымыз сенбi күнi орындалады деп үмiттенемiн. Жоспарларымыздың жалпы саны 10. Олар жекпе-жектiң өрбуiне байланысты қолданылады», — деп атап өттi боксшы.

«Мен Головкинмен 12 раунд бойы жұдырықтасуға дайынмын. Мен дайындық барысында ешқашан бұрын-соңды осылай берiлiп жаттықпадым, бүгiнде мен мансабымдағы ең үздiк формаға жеттім деп ойлаймын. Ендi еш өкiнбейтiндей ең керемет жекпе-жек өткiзу ғана қалды», — дедi ол.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз