Көкшетауда жатақхана өртке оранды

1
49
Көкшетауда жатақхана өртке оранды
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жатақханасын өрт шықты. Бұл туралы Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дереу іске кіріскен төтенше жағдай қызметкерлері іштегі студенттерді қауіпсіз жерге шығарды. Абырой болғанда зардап шеккендер болмапты.

Төтенше жағдай қызметкерлерінің хабарлауынша өрт бейсенбі күні таңғы төрт жарым кезінде №1 студенттер үйіндегі үшінші қабатта орын алған. Өрт дабылы қағылғаннан кейін бірден арнайы өрт сөндіру көліктері жеткен.

Төтенше жағдай қызметкерлері өрттің матрастың тұтануынан шыққанын алға тартуда. Үшінші қабат студенттері өрт болған жерді қалыпқа келтірілгенше бірінші қабатқа шығарылды.

Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр. Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалатын болады, — дейді төтенше жағдай қызметкерлері.

По сообщению сайта Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз