Атырау облысында ҰБТ-ға әзірлік барысында оқушы өзіне қол жұмсап, қайтыс болды деп хабарлайды Ақ жайық.
17 ақпан күні Доссор поселкесіндегі Қанатбаев атындағы мектептің 11-сынып оқушысы дәрі ішіп, өзіне қол салды.
Ол өлер алдындағы хат қалдырмаған, алайда, оның өзіне қол салу себебі мектепте ҰБТ әзірлік барысында математика пәнінен төмен балл жинауынан болған деген болжам бар.
«Анықталғандай, ол сыныптас қыздарына ҰБТ-дан сәтсіз өтсе, өзі-өзіне қол салатынын айтқан», -дейді Мақат ауданы прокурорының орынбасары Досбол Бағытжанов.
Бүгінде аталмыш факт бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-тармағы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүруде.