Павлодар облысында оқушы қыз 5 жасар баланы өрттен құтқарды

0
312
Павлодар облысында оқушы қыз 5 жасар баланы өрттен құтқарды
Павлодар облысы Ленинский кентіндегі 8-сынып оқушысы Зейнеп Қабылбек өртеніп жатқан пәтерден кішкене баланы алып шықты.

 

20 ақпанда қыз бала сәл ауырып мектепке бармай, үйде қалады. Сағат 12-лер шамасында жолдың арғы жағындағы көршілер есік қағып, бір жерге асығып кетіп бара жатқандықтарын және көрші үйден түтіннің иісі келгенін хабарлады.

Зейнеп бірден өрт сөндіру бөліміне хабарласты. Өрт сөндірушілердің келгенін күтпеген ол жанып жатқан үйге қарай жүгіреді. Онда жабық пәтерде қалған кішкентай баланы көрген. Қыз күш салып есікті ашып, баланы далаға шығарады.

Бірнеше минуттан соң оқиға орнына құтқарушылар келіп жеткен. Медицина орталығының бригадасы 2010 жылы туған Әлихан Сұлтанғазиевті облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөлімшесіне түтіннен улану диагнозымен жатқызды.

Қарауыл бастығы Бектасов Мұрат баланың өмірін Зейнептің ержүрек әрекеті құтқарғанын атап өтті.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз