Семейде күйеубаласының өлімі үшін кек алмақ болғандар сотталды

2
40
Семейде күйеубаласының өлімі үшін кек алмақ болғандар сотталды
Семейде күйеубалаларының өлімі үшін кек алған екі азамат сотталды деп хабарлайды КТК арнасы.
Қанға қан, жанға жан деп, өз беттерінше қылмыскерді жазалған олар 7 және 1 жарым жылын темір торда өткізуі тиіс.

Олар қарындастарының күйеуін өлтірген кісілерді тергеу амалдары біткенін күтпей, жазаламақ болған. Қос күдіктіні ауыр соққының астына алады.

Қоқан-лоққыға шыдамаған олар қылмыстарын мойындап, мәйіттің қайда көмілгенін де көрсеткен екен. Артынша алған жарақаттан бір күдікті көз жұмған.

Кек алғыштардың ісін жарты жыл қараған сот біреуін 7, екіншісі 1 жарым жылға соттады. Үкіммен енді өлген жігіттің туыстары келіспей отыр.

«Ол түк емес. Тауық өлтірсе де ондай жыл бермейді. Баламды қинап өлтірді, ойына келгенін істеген», — дейді жәбірленуші Гүлнар Тоқсейітова.

 

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. сонда жәбірленушы кім өзі? жоқ әлде әпекеме, жездем сай болып отырма.

  2. бұл жігіттерін мен қате дей алмас едім. себебі, күдікті, осы жігіттердің соққысымен қылмыстарын мойындап отыр ғой. әуелі мәйттіде тауып берген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз