Қарағандылық келіншек екінші мәрте сәбиінен айырылып қалды

0
525
3

Қарағанды облысында ауруханаға аман-есен жеткен келіншектің іштегі сәбиі шетінеп кетті. Қарқаралыдан толғақ қысып келген оның денсаулығында еш кінәрат болмаған.
Сондықтан отбасы бұл қайғылы жағдайға дәрігерлерді кінәлайды. Ең өкініштісі Данагүлдің бірінші сәбиінің де жүрегі дәл осылай дүние есігін ашпастан тоқтаған екен.

Мәкен апайдың былтыр алғашқы немересі шетінеп кетіпті. Өкінішке орай, қайғылы жағдай биыл тағы да қайталанды. Қызының толғағы қысып жедел-жәрдем шақыртқан.

Енді дәрігерлерге сене алмаймын бұл жағдай бір емес, екінші рет болып тұр. 9 ай толып толғағымен келді. Енді дәрігерлер қайда қарады?

«Қарқаралыдан Қарағандыға жеткенше жол азабын тарттық», — дейді. Оның үстіне, дәрігерлердің де салғырттығы болды деп отыр.

«Енді дәрігерлерге сене алмаймын бұл жағдай бір емес, екінші рет болып тұр. 9 ай толып толғағымен келді. Енді дәрігерлер қайда қарады? Сенгеніміз дәрігер,олар өз жұмысына дұрыс қарамады деп ойлаймын. Әйтпесе балам толғатып келді ғой», — дейді келіншектің анасы Мәкен Мұсатаева.

Басында сұхбат бермейміз деп ашуға бой алдырған дәрігерлер, ақыры сабасына түсті. Болған жайды баяндап берді. Айтуларынша, келіншек ауруханаға аман-есен жеткізілген. Осында келгеннен кейін кенеттен жағдайы нашарлапты. Салдарынан, іштегі бала өліп қалған.

«Науқас келісімен барлық сараптама алынып, кардиологиялық бақылау нәрестенің жүрек қағысы бар екенін анықтады. Сағат 14:30 кезінде науқас қан кетіп жатқанын айтып шағымданды. Жедел ультра дыбыстық бақылау жүргізгенімізде, шақалақтың өкінішке орай жүрек қағысы тоқтап қалғанын білдік», — дейді  Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Жанар Жарова.

Болған жағдай, Данагүлдің күйеуі Жасұланды да есеңгіретіп тастады. Айтуынша, әйелінің аяғы ауыр кезде тапсырған сараптамаларының қортындысы жақсы болған.

Алғашқы сәбиінен алты айлығында, екіншісінен тоғыз айлығында айырылған жанұя енді құжаттарын дайындап, құзырлы органдарға шағым түсіргелі отыр.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз