Геннадий Головкин Мартин Мюррейді нокаутқа жіберді

0
521
 1
 Геннадий Головкин Мартин Мюррейді нокаутқа жіберді  . Головкин ойынның бірінші секундтарынан-ақ Мартин Мюррейді соққыға жығып мерзімінен  бұрын жеңді. Монте-Карлодағы Salle des Etoiles аренасында  болған жекпе-жек  басталды. Екінші раунд та соған ұқсас өтті, алайда Мартин Мюррей қарсы шабуылдай бастады. Жекпе-жектің үшінші раундында жерлесіміз бірнеше жақсы серияларды өткізді, алайда Мюррей оларға қарсы тұра білді. Келесі раундта британдық боксшы 2 рет нокдаунда болды. Сол сияқты ол бесінші раундта да батырлық танытты. Бүкіл зал «Гена, Гена» деп айғайлаған сайын Геннадий Мюррейді соққылай берді. Бірақ британдық боксшы да оның соққыларына қарсы тұра білді. Біздің боксшыға мұндай ойын ұнамағандықтан ол сегізінші раундта Мюррейді одан бетер соққылай түсті. GGG тоғызыншы раундта да Мюррейді арқан бойынан шығармай, дәл сол әрекетін жалғастырды. Оныншы раудтың соңғы 3 минутында Головкин қарымды соққысымен Мюррейді рингке жіберді, алайда британдық орнынан атып тұрып, ойын жалғасты. Ал 11-раундта қазақстандық боксшының соққыларынан кейін ойын төрешілері жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Геннадий Головкин орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) версиялары бойынша әлем чемпионы титулын сақтап қалды. Екі боксшы үшін де бұл жекпе-жек кәсіби алаңдағы 32-кездесу болды. Головкин бұған дейінгі кездесулерінің бәрінде жеңіске жеткен. Мюррей өз кездесулерінде 29 рет жеңіп, бір рет жеңілген, бір рет тең түсті.Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/51075-nokaut-a-zhiberdi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз