Ирак қаласында алғаш рет әйел адам мэр болып тағайындалды Ирак астанасы Бағдадта алғаш рет әйел адам мэр болып тағайындалды. Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, Бағдад қаласының мэрі болып жоғары білім беру министрлігінің бас директоры Зикра Аль-Вищ (Zekra Alwach) тағайындалған. Ол осындай лауазымға ие болған Ирактағы алғашқы әйел екен. Агенттіктің хабарлауынша, Зикра Аль-Вищ өзінің лауазымдық міндеттерін атқаруға жексенбіден-ақ кіріседі екен. «Ирактың премьер-министрі Хайдер Аль-Абади Наима Аббуданы қызметінен босатып, Зикра Аль-Вищті тағайындады», – деп мәлімдеді Ирак үкіметінің өкілі.
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/51069-ta-ajyndaldy