Қытайда жер сілкініп, 11 мыңға жуық адам зардап шекті. Табиғи апат Қытайдың 4 елді мекенін шарпыды. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясына қарасты Моцян-Ханийск автономды уезінде сенбі күні 4,4 магнитудалы жер сілкінді. Қытайдың орталық телеарнасының хабарлауынша, қазіргі уақытта зардап шеккендер саны 10,8 мың адамнан асып түсіпті. Қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ деп хабарлайды ТАСС. Жалпы алғанда 276 тұрғын үй, бірнеше шақырым суару арнасы мен автожол зақымданған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер уақытша баспанаға орналастырылған. Оларға тиісті көмек көрсетілуде.
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/51073-adam-zardap-shekti