ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР ҰЛЫ ! (видео)
УА, АҚСАРБАС! ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР ҰЛЫ ГЕНА ЖЕҢІСТІ САЙЫСЫНА “ҚАЗАҚ ҮНІ” ҰСЫНҒАН ҚАЗАҚ ШАПАНЫН КИІП ШЫҚТЫ!!!
БҮКІЛ ҚАЗАҚҚА ДЕГЕН ЗОР ҚҰРМЕТІН ТАҒЫ ДА ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛЕДІ!
ЕНДІ ТЕК ҚАНА ЖЕҢІС ТІЛЕЙМІЗ!
Қазақ баһадүрі Гена қазақ шапанының сыйлаған қайратын төрткүл дүниеге паш етті!
Сайыс алдында көкірек керген Мюррейді көкала етіп қуалап сабаған Генаның жойқын соққыларына разы болған Монако князы Альберт екінші шыдамай орнынан тұрып кетіп, басын шайқаумен болды. Гена темір Тайсонның жетістігін қайталап, 29-шы нокаутпен жеңді! 10 раундта бір сұлап тұрған Мюррей 11 раундта мүлде естен танып, төреші сайысты тоқтатуға мәжбүр болды!
Темір Тайсон ерлігін қайталалған 32-ші сайысына Гена қазақтың ұлттық шапанын киіп шығып жетті. Не шықса да, ордалы Оңтүстіктен шығады. Қасиетті Отырардың отты жігіті, ұлтшыл азамат, кәсіпкер Әбдіжмәжит Сыздықбеков (суретте)
арнайы тіктірген ұлттық шапан енді тек қазақтың батыр Генасына жеңіс сыйлай берсін деп тілейміз!
Республикалық ұлттық басылым “Қазақ үні” газеті мен qazaquni.kz ұлттық порталы 18 ақпаннан Генаға арналып тігілген ұлттық шапанды насихаттап, екі тілде 3 мақала жариялады. Оған бүкіл жанкүйер қауым қосылып қолдады. Көгілдір экраннан көз алмай отырып, Генаның үстіндегі көк шапан көзімізге жарқ ете қалғанда, орнымыздан атып тұрдық. Ұлттық қошқар мүйіз оюлар – көк туымыздың көркем өрнектері жарқырап, көктен қуат құйылғандай құлшынып тұрдық Генамызбен бірге!..
Ұлттық шапан ұланымыз Генаға ұланасыр қуат пен жігер сыйлап, Қазақ мерейін тасытты! Ұлт рухын көтерген зор жеңістер жалғаса берсін деп тілейік!
Қазыбек ИСА,
qazaquni.k